USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаны жәннатта болсын! Асқар Мамин Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

  • 02.августа.2020, 20:00,
  • 963

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына қатысты жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Грек-рим күресі бойынша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, отандық спорттың және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Сіздерге орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын.

Аты аңызға айналған Жақсылық Әмірәліұлы кәсіпқой қазақ күресін нығайтумен бірге, іскер басшы, білікті ұйымдастырушы ретінде бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын нығайтуға, кәсіпкерлік саласын өркендетуге арнады. Жақсылық Әмірәліұлы өзіне тән адамгершілік қасиеттері мен қайырымдылық істері арқылы әрдайым халқының сый-құрметіне бөленді.

Асыл азаматтың жарқын бейнесі әлемдік спорт тарихындағы өшпес ғұмыр жолы мен бағындырған биіктері, ел игілігі жолындағы ерен еңбегі арқылы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып қалары сөзсіз.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Асқар Мамин", - делінген хабарламада.


#үшкемпіров #асқармамин #премьерминистр #коронавирус 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2020
15.06.2020
30.09.2019
20.09.2019
23.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930