USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Балқаш – әлемдегі бірегей көл әрі тұран арыстанының мекені

  • 19.наурыз.2021, 14:55,
  • 699

Қарағанды – Қазақстанның жүрегі әрі оның индустриялық астанасы. Орасан зор мәдени мұрасы, сан алуан тарихи ескерткіштері, көздің жауын алатын әсем табиғаты, аспанмен таласқан таулары үшін осы 09-шы өңір – саяхат жасауға тұрарлық мекен. Қарағанды аймағында әрбір адамның көңілінен шығатын маңызды орындар өте көп. Ал, ендеше, бәріне рет-ретімен тоқталайын.

 Балқаш туралы біз не білеміз?



Балқаш көлінің құпиясы осы күнге дейін дүйім жұртты таңқалдыруда: климаты құрғақ, жауын-шашынға тапшы аймақта, ұшы-қиыры жоқ далада суы жартылай тұщы су қоймасының пайда болуы географиялық қарама-қайшылық бола тұра, ғалымдар әлі де байыбына жетпеген құпия болып табылады. «Балқаш» сөзін айтқан кезде көлемі бойынша дүние жүзінде 14-ші орынға орныққан бірегей көл екендігі, әрі бір бөлігі тұщы (1 литр суында 1 грамм да тұз жоқ) және екінші бөлігі ащы (1 литр суында 3,5 грамнан 6 грамға дейін тұзы бар) дүние жүзіндегі жалғыз көл екендігі ойға оралады. 

Гидрографиялық тұрғыдан бөліп тұратын ені тар бұғаздың және Сарыесік түбегінің арқасында көлдің құрамы жағынан екі түрлі бөлігі мүлде араласпайды. Жалпы есеп бойынша, көлдегі ерітілген тұздың қоры 312 млн.тоннаға тең. Сонымен қатар, Балқаш ауқымдылығы бойынша елімізде Каспийден кейінгі құрғамайтын екінші көл болып саналатыны мәлім. 

Екінің бірі біле бермейтін қызғылықты жайттың бірі – Балқашқа бес ірі өзен құяды, бірақ олардың біреуі де қайта шықпайды. Бұдан туындайтын сұрақ: көлге құйылатын барлық су қайда кетіп жатыр?


Балқаш деп айтқан кезде ойға бірден Балқаш қаласы емес, жайдары әрі шуақты жаз, адам еңсесін көтеретін және жанына серпін беретін, толқыны самал желмен жарысқан, пішіні жарты ай іспеттес көл, көздің жауын алатын таза мөлдір су елестейді.


Балқаш көлі бірден үш облыстың: Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан. Бір жағынан Шу-Іле таулары көмкеріп тұрса, екінші жағынан – ұсақшоқыға алмасатын ұшы-қиыры жоқ Бетпақ дала, ал үшінші жағынан Орта Азия құмды алқабына тікесінен тіреледі.


Көлдің ауданы - 16,4 мың шаршы км. Шынымен, Балқаш ұзындығы 600 км, ал ені шығыс бөлігінде 9-20 км және батыс бөлігінде 74 километрге дейін жететін еліміздегі ең ірі ішкі құрлық көлі. Осыған қарамастан, Балқаштың орташа тереңдігі 6 метр, неғұрлым терең жері небәрі 27 метрге дейін жетеді. 

Салыстырмалы түрде, Ыстық көлдің барынша терең жері 700 метрден астам, ал Байкалдың тереңдігі 1,5 километрден асатынын атап өтейін. Геологтар мен геоморфологтардың деректеріне сүйенетін болсақ, көлдің пайда болғанына 35000 жылдан асқан. 

Балқашта ауқымы әртүрлі барлығы 43 арал бар. Олардың жалпы ауданы 66 шаршы км. Біраз аралға желдетіп қайық жеткізсе, кейбіреуіне жүзіп те жетуге болады екен.


Айтпақшы, мұндағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 4,5 - 4,8 м/с дейін жетеді. Егер жел екпіні қатты болса, көлдегі толқын биіктігі лезде 2-3,5 метрге дейін барады екен. 

Бұған қоса, Балқаштың батыс бөлігінде сағат тілінің бойымен бағытталған айналымдық ағыс үнемі байқалады.










Жағажайдағы есте қаларлық демалыс



Көл маңындағы климат шөлді болғандықтан, мұндағы ауа да жаз мезгілінде 45 градусқа дейін жылынады. Балқаш өңірінде күн шуағын жылына 110-130 күн төгіп тұрады. Бұл көл шапшаң жылынатын көлдер қатарына жатады. Жазғы уақытта су беті Цельсий бойынша 28 градусқа дейін жылынады. Бұл барлық демалушыларға Жерорта және Қызыл теңіздеріндегі қымбат әрі алыс сапардан гөрі, Балқашта сапасы бойынша ыңғайлы әрі бағасы бойынша қолайлы нұсқамен демалу мүмкіндігін сыйлайды. Ал көл басындағы көптеген құмды жағажайлар жазғы демалысыңыздың әсерлі өтуіне септігін тигізіп, есте қалатын сәттерді қамтамасыз етеді.


Балқаштың туристік инфрақұрылымының даму дәрежесі жеткіліксіз болғанына қарамастан, бұл көл «өздігінен» келіп демалатын негізінен қазақстандықтар мен ресейліктер арасында жағажайлық демалыстың ең танымал бағыты болып табылады. Мұндағы демалыстың көпшілікке мәлім түрлері: жағажайлық туризм, желкенді туризм, байдарка мен каноэ, балық аулау.   Балқаштағы демалыс базалары қалаға жақын маңда, сондай-ақ Пирозерск қаласында, Шұбар-Түбек, Тораңғалық кенттері және басқа да елді мекендерде орналасқан. Туристік сервис негізінен солтүстік-батыс жағалауында басымырақ дамыған, демалушылар тобы мен балаларымен демалатын отбасыларына негізделген.


Балқаш көлінің жағажайында күн шуағына бөленіп, суға түсу мерзімі маусым айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Әдетте жазда көл жағалауында жастар фестивальдері, жиындары өткізіледі, басты жағажайларда демалушылар саны өте көп болады. Өкінішке орай, биылғы 5 айға созылған карантин салдарынан қазақстандықтардың бос уақыт өткізулеріне біршама өзгерістер енгізіліп, мәдени-бұқаралық бағдарламаларға, іс-шараларға тыйым салынды.          


Дегенмен, көлде демалудан ләззат алатын адамдар саны саябырсыды деп айтуға негіз жоқ. Демалысын Балқашта өткізуді ұнататындар жеке шатырларын құрып демалуда. Бұл әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Көл аумағының кеңдігі және ұзындығы адамдардың бір-біріне жақындамай, қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.


Ал егер көлге қыс ортасында келсеңіз, көңіліңізден шығатын ойын-сауық түрлері жетерлік. Атап айтсақ: шаңғымен серуен, мұз айдынындағы виндсёрфинг, қарда жүретін машинамен айналаны аралау. Балқаш маңында атпен және түйемен серуендеу де естен кетпес ерекше сезім сыйлайды.




#Балқаш #көл #Қазақстан #су #демалыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2020
21.07.2020
10.06.2019
30.05.2019
26.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930