USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

НЕСИЕ ЖАУЫП БЕРЕМІЗ: АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ПАЙДА БОЛДЫ

  • 08.ақпан.2021, 15:16,
  • 286

Елімізде бұрын соңды болмаған алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Айла-тәсілін асырғысы келетіндер банктен несие жауып береміз деп қызметтерін ұсынады. Бір қызығы – жоспарланған сценариймен арам пиғылын жүзеге асырғысы келетіндерді ешкім құрықтамай отыр,-деп хабарлайды Atameken Business channel арнасы. 

Анау-мынау емес, әлдекімдер банктердегі ірі көлемді несиелерді жабатындарын жарнамалайды. Тек қалған қарыздың 10 пайызын төлесеңіздер болғаны дейді. Екі сағаттың ішінде мәліметтер базасынан борышкердің аты-жөні де, банкпен жасалған келісім шарт та толықтай жойылады-мыс. Әлеуметтік желіде несиені жойған «мамандарға» ризашылығын білдіргендер де бар. Оның бірін тыңдап көрейік.

Всем привет хочу поблагодарить ребят делет МФО за помощь в удалении микрозайма. До зп у меня было порядка 80 тысяч а через два часа после обращения никаких задолжностей у меня не осталось.

6000-нан астам оқырманы бар МФО-делет парақшасында бұндай пікірлерден көз сүрінеді. Айта кету керек, ғаламторда байланыс нөмірі де жазылған. Дегенмен айлакерлерді құрықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Жалпы оңай жолмен пайдаға кенелгісі келетіндері анықтау тыңғылықты жұмыс екенін ақпараттық қауіпсіздік мамандары да айтып отыр. Олар адам сенгісіз қызметтерді мықты хакерлер немесе банк өкілдерінің өзі ғана жасай алады дейді.

Ернат Адамбаев Ақпараттық қауіпсіздік сарапшысы:

Мәлімет базасына шабуыл жасау әрине мүмкін. Егер қорға кіруге рұқсаты болса, бұндай әрекетті банк қызметкері жасай алады. Біз олардың кім екенін анықтай аламыз, ол үшін алдымен полиция қызметкерлерінен үкім келу керек. Жалпы бұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Сондықтан ойымша, алаяқтар болуы мүмкін. Әрине бұлардан аулақ болу керек. 

Ал қаржы сауаттылығын арттыру басқармасының өкілдері парақша фейк, банктегі несиені хакердің өзі де жаба алмайды дейді. Өйткені несие алғандардың мәліметі кредит бюросында сақталған көрінеді.   

Дмитрий Акмаев Қаржы сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы:

Бұл алаяқтар. Сенуге болмайды. Егер осындай адамдарға тап болсаңыз, бізге ресми арыз түсіруіңізге болады. Біз хатты ішкі істер органдарына жолдаймыз. Несиені жою мүмкін емес, себебі мәлімет базасына кез келген адам кіре алмайды.

Ал парақшаны зерттеу үшін ішкі істер органдарына кем дегенде екі арыз түсу керек екен. Қуанышқа орай, әзірге айла-тәсілін асырғысы келгендерден зардап шеккендер жоқ. Айтпақшы, айлакерлердің қырық түрлі қулығынан былтырғы жылдың өзінде 23 мыңнан астам адам зардап шеккен екен.   



#несие #алаяқ #қазақстан #кредит #полиция #қылмыс 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2020
14.05.2020
18.11.2019
05.07.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930