USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Депутаттар арасында Шерағаңдай тұлағалар жоқ, өкінішті!

  • 17.қантар.2021, 12:07,
  • 332

Жұртты дүрліктірген, қоғамды сарсаңға салған мазақ сайлау өтті. Бұлай деуімде себебі бар. Неге дейсіздер ғой. 

Бұл сайлауда ешқандай бәсеке болған жоқ. «Нұр Отан» және оның көлеңкесі іспетті, билікшіл партиялардың тартыссымағы. Билік өзіне керекті үш партияны (Нұр Отан, Ақ жол және Қазақстанның халық партиясы яғни бұрынғы коммунистер) таңдады, ал «Ауыл» мен «Адалды» шетке тепті. Жарайды, бұл екеуініңде оңып тұрғаны шамалы. Шындығында сайлау кеезінде ғана оянып, басқа кезде тымтырыс жатқан партияларғада сол керек. Айтқым келгені ол емес, Басқа. Сайлауда жеңіске жеткен партиялар депутаттар құрамын анықтады. Бір ақарағанда парламент 60-70 пайызға жаңарды, жасарды деуге болады. Бірақ иа бірақ партиялық тізіммен өткен депутатар арасынан халықтың сөзін сөйлейтін, ұлтты ұйыстыра білетін тұлғаны көрмедім.
Кешегі Шерхан Мұртазадай биік мінберден күнше күркіреп, елдің жайын айтып, халықтың мұңынын мұңдайтын, мемлекеттің болашағына алаңдайтын азаматтарды көре алмадым. Бір кем дүние деген осы болар. Бірер саясасаттанушы, һәм журналист, ақындар өткен екен. Алайда олар партияның шеңберінен шығып бір деңе айтады деудің өзі артық. Өйткені оларда Шерағаңның мысы жоқ. Өңкей биліктен именетіндер, жоғары жақ не айтса бас шұлғитындар.
Ал олар парламент креслосында отырған бес жылда ұлттың мүддесі үшін жан алып, жан беріседі деп ойламаймын. Дәл сол секілді әр деңгейдегі Мәслихатқа барған депутатардың құрамынан айтулы тұлғаларды кездестірмедім. Мұның бәрін неге айтып отырмын. Өйткені Билік жаңа партияларды тіркемеді. Бас тартты. Сол себепті парламентке шеңберге симайтын, ұлттың мүддесін ойлайтын, халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар бармады. Партиялар арасында бәске болған кезде ғана саясаттың көрігі қызатыны белгілі емес пе?
Демек ешқандай айтары жоқ, бастамасы жоқ билікшіл партияның өкілдері парламентке шоғырланған жерде, тартыс туады, ақиқат айтылады деп айтудың өзі қиын. «Баяғы жартас, бір жартас» деген осы. Еліміздің саяси алаңында үлкен өзгерістер болуы үшін жаңа партиялар керек. Бір емес бірнеше партиялар тіркеліп жатса, артықтық етпейді. Соның ішінде біз құжатын тапсырып қойған экологиялық партия “Байтақ-Болашақ” болып жатса, құт үстіне құт болар еді. Өйткені елімізде үлкен өзгерістер, саяси және экономикалық реформалар өте қажет. Бұрынғы сарынмен өмір сүруге болмайды.
Азаматхан Әміртай, #ЭкоПартияББ
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.12.2020
21.09.2019
09.07.2019
ХАЛЫҚТЫҢ ДА, БИЛІКТІҢ ДЕ АЛДЫНДА ЕКІ ЖОЛ ТҰР

ҚОС БИЛІКТЕН ТУЫНДАҒАН САЯСИ ШИЕЛЕНІС ҚАЙДА АЛЫП БАРАДЫ?

Ең сорақысы Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы басқаратын ҚР Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҚР Президенті, ҚР Парламент Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, ҚР Премьер-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ҚР Бас прокуроры, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Ішкі істер министрі, ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметі және басқалар кіреді.

Былайша айтқанда аталған заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап барлық билік тармақтары мен күштік құрылымдар басшыларына өз бұйрығын орындата алады.

ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Президенті, яғни Қасым-Жомарт Тоқаев болса, ҚР "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңы бойынша Қазақстандағы ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, яғни Нұрсұлтан Назарбаев болып шығады.

10.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930