USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қанат Ислам: Жетімдер үйінен бала асырап алуға ниеттімін

  • 30.қараша.2020, 15:39,
  • 455

Атақты кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жетімдер санын азайту үшін өзі де бала асырап алуға ниетті екенін жеткізді.

«Әр қазақтың арманы - жетімдер үйінің азайып, тіпті елімізде жоғалуы. Ал жетімдер үйі қашан жабылады? Олар өз-өзінен жабылып қалмайды ғой? Жетімдер үйі - сондағы бүлдіршіндерді асырап, бауырына басып, ата-ана қамқорлығын сыйлаған кезде жойылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де «қазақ ешқашан жетімін жылатпаған ел» деп, үнемі қайталап отырады. Сондықтан, болашақта мен де бала асырап алғым келеді, қазір соған ниеттімін»,-деді Қ.Ислам.

Айта кетейік, С.Қозыбаев атындағы балалар үйінде жүрген 38 бүлдіршін үшін Қанат Исламмен кездесу бақыты бұйырды. Қанат Ислам балалар үйіне үлкен теледидар сыйлап, әрбір балаға жеке қолтаңбасын берді де суретке түсіп шықты.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Алматыда өткен бокс кешінде Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Ол WBO тұжырымы бойынша - құрлықаралық, IBO тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алды. Ол сондай-ақ WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды.

#жетім #жетімдерүйі #боксшы #кәсіпқой #спорт #қанатислам

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.10.2020
12.10.2020
18.09.2020
17.10.2019
10.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930