Мұхамеджан Тазабековте "қайтсем де ұлттық арнаның эфиріне шығам" деген өлермендік шарықтау шегіне жетіпті! "Қарсы жазылған 2-3 пост, 5-6 адам ғана" деп Инстаграмда қып-қызыл өтірікті соғып отыр!
Шын мәнінде Мұхамеджанның мемлекеттік арна арқылы діни ағымның идеологиясын насихаттағанын жарты Қазақстан қаламайды! Оның жақтаушысы 40-50 адам ғана. Инстаграмм мен фейсбуктағы подписщиктері жай ғана раскрутка! Сол раскрутканы жасау үшін Алматыда алты ай бойына бір топ Айтищниктерді жалға алғанын, не жұмыстар істегенін жақсы білемін! Әлгі 40-50 жақтаушысының әрқайсысында кемінде 20-30 фейк-аккаунты бар.
"Бағдарламада діни әңгіме болмайды" деп тағы да алдағысы келеді. Тағы да өтірік сөз! Өйткені, "Асыл арнадағы" дінді жанама уағыздайтын бағдарлама мен сериалдарының барлығы тұтастай өздерінің ақидасы бойынша сараптамадан өтеді. Ақидаларына қайшы жері түзетіліп-күзеледі. Ол тақырыптар өте нәзік, онша-мұнша көрермен байқамай "жұтып" жібереді. Ал оның астарында ислам әлемінде соғыс өртін лаулатқан батпандай идеология бұғып жатыр! Ұлттық арнаға да сондай, өздерінің ақидасы бойынша ғана сараптан өткен тақырыптарды тықпаламақшы ғой!
Қайсыбір жылы Алматыдағы Мұхамеджанның үйіндегі бір отырыста Бекең мен Мұхамеджан "Қазір ел бізді ақын-әнші деп танымайды. Бізді ақыл айтатын абыз санай бастады" деп лепіріп еді. Адасып жүрген ол қандай абыздық десейші!
Мұхантай, ентігіңді бас та, "Асыл арнаңның" пәлен жылдан мемлекетке төлемеген салықтарын төле, бухгалтерияңның жұмысын заңдастыр! Әркімді "әке-көкелеп" жүріп, істі жапқызып жүргенің енді жараспас. Сенің ақидаң бойынша оның пәтуасын білмейді екем. Ал зайырлы мемлекетте салықтан жалтару үлкен қылмыс! Абыз деген ел мен мемлекетті алдай ма екен?
(с) Тоқтар Жақаш
#салафизм #Тазабек #БАҚ #идеология #журналист