Кім құрбан шалуы керек? Он бес жасқа толған, дін бойынша балиғат жасындағы ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылман құрбан шалады. Бұл жерде зекет дегеніміз - 85 грамм алтынның құнына тең келетін қаражат. Бірақ бұл қаражаттың жыл бойы қолда болуы міндетті емес, Құрбан айты қарсаңында болса да жетіп жатыр. Мұндай қаржысы болмаса да өзелермен бірлесіп ірі қара шалса, не жеке өзі қой шалса - қабыл. Құрбандыққа шалынатын мал Құрбандыққа 5 жасар түйе, 2 жасар сиыр, 1 жасар қой-ешкінің еркегі де, ұрғашысы да шалынады. Мал ақсақ-тоқсақ, арық, соқыр, құлағы жоқ болмауы керек. Айтпақшы, мүйізі де бүтін болған шарт. Разылыққа жету үшін дұрыс мал сойылуы тиіс. Құрбандыққа шалынатын жер Құрбан шалатын жерге малды ұрмай-соқпай апарып, малды құбылаға қаратып сол жағымен жатқызады. Мал бауыздалмай тұрып аят оқылады. Аят білмесеңіз, дұға оқуға болады. Оқып болған соң «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһаиллаллаһ» деп малды абайлап бауыздайды. «абайлап» дегеніміз пышақты жалаңдатпай, мадың көзінше пышақ қайрамайды. Оң қолмен «Бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп бауыздайды. Малын басқа адамға бауыздатқан адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп айтады. Малдың жаны шығып болғанға дейін оның терісін сыпырмайды және қаны толық ағып біткенін күтеді. Құрбан шалғанға дейін де, кейін де сол жер таза болуы тиіс. Ол құрбан құлшылығына деген құрмет. Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Жарық жерде шалынғаны абзал. Жарығы жоқ болса, түнде де шалына береді. Айтқа арналған мал құрбан айтта бауыздалмаса, малдың өзін садақа ретінде атаған жөн. Құрбан айт намазына белгілі бір себептермен бара алмай қалған адам намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбан шала беруіне рұқсат. Құрбандыққа шалынатын малдың еті Кез келген адам құрбандық етін жеуіне болады. Малдың еті үш бөлікке бөліп таратылады. 1- туыстарға, көршілерге. 2 – мұқтаж жандарға. 3- өз бала-шағасына. Дегенмен малдың етін кедей-мұқтаждарға таратып беруіне болады. Құрбан айт күнін қалай қарсы алу керек? Қасиетті күні жуынып, таранып, таза киім киіп, үстіне хош иіс сеуіп, айт намазына барған жақсы амал болып саналады. Намаздан кейін мал сойылып таратылады. «Айт құтты болсын!» деп туған-туыс, көрші-қолаңды аралайды. Қонақ қарсы алады. Барынша жайдары болып, ренжіскен адамды кешіріп, табысады. Ауырған адамның көңілін сұрап, жетім-жесірге қол ұшын беріп, жақындарына, жора-жолдастарына сәлем-сауқыт, сый-сияпат жасаған жөн. Осылай адамдардың бір-біріне деген сыйластығы артады.
#құрбанайт #дін #сараптама