Белсенді Даная Қалиева оқиға орнынан бар ақпаратты таратып отырған еді. Оның айтуынша, сот барысын видеоға түсіруге тыйым салынған. Ал журналистер онлайн процеске кіргізілмеді. Белсенді бұл әрекет тыңдалымның ашық түрде, әділ өткізілуіне қарама-қайшы деп санайды.
"Барахолка, сауда орталықтары ашылып жатқан кезде неге сотты онлайн өткізеді? Репрессия кезінде пандемияны сылтауратпаңыз", - деген үндеу салды Даная Қалиева.
Данаядан басқа Әлнұрды қолдауға 20-дан астам азамат келді, олар ғимарат алдында "Әлнұрға бостандық!", "Онлайн соттарға қарсымыз!" деп ұрандап тұрды.
Өзін Алматы ауданы әкімдігінің қызметкері етіп таныстырған адам жиналған қауымға шараның заңсыз екендігін басып айтты. Алайда ешкім кері қайтпады, тұрған жерінде қала берді.
Сот отырысы өткен TrueConf қосымшасынан техникалық ақаулар байқалды, байланыс үнемі үзіліп отырды.
Әлнұр Ильяшев ісіне бірден үш адвокат жауапты: Нұрлан Рахманов, Виталий Воронов және Таир Назханов. Олардың айтуынша, естілу сапасына наразы болған Әлнұр отырысқа қатысудан бас тартты. Белсенді техникалық ақаулар азаматтардың құқығын қорғау барысында бөгет жасамуы керек.
Әлнұр тыңдалымның сот ғимаратында өткізілгенге дейін сот ісін тоқтату туралы өтінішін оқыған еді. Карантин аяқталуын күтуге дайын екендігін айтты.
"Бұндай жағдайда қалай ғана отырысты өткізесіз? Бұл жерде адамдар тағдыры шешіліп отыр ғой. Шындықты айтқаны үшін кем дегенде үш жылға дейін қамалуым мүмкін, үкімді осылай қабылдамақшысыз ба?", - деді ол.
Алайда сот Әлнұрдың бұл өтінішін қанағаттандырмады. Сотталушы қатысудан бас тартқан жағдайда отырысты онсыз-ақ өткізуге болатынын айтты. Бұл ойды прокурор да қолдаған еді.
Билікті сынап жүрген азаматтық белсенді 17 сәуір күні "Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталып, екі айға қамалды. Жақтастары Ильяшев желіде "Нұр Отан" партиясын сынайтын жазбалар жариялағаны үшін қудаланды дейді.
Данияр Мусиров/vlast.kz
Адвокат Нұрлан Рахманов тергеу орындарының істі "ауыр іс" деп атағанына қарамастан тергеу аяқталғаны туралы хаттаманы тапсыруға асығып отырғанын жазды. Сонымен қатар іс бойынша айыптау сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына, жорамалға негізделген, іс материалындағы сәйкессіздіктер барын мәлімдеген еді.
Сот ісі 15 маусымға дейін үзіліс алу туралы шешіммен аяқталды.
Қазақстандық және Human Rights Watch секілді халықаралық құқық қорғаушылар, билік төтенше жағдай кезінде сыни пікір білдірген белсенділерге қысым көрсетуде деген ойда.
Осыған дейін Әлнұр Ильяшев бейбіт шерулер өткізу құқығы үшін соттасқан еді. ІІМ реформасын талап ететін митинг өткізу үшін 32 рет өтініш жіберген еді. Алайда қала әкімдігі белсенді қалаған орынды жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен бермеді, оның орнына да ештеңе ұсынбады.