USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Смартфонды бұзып кіргеннің белгісі қандай?!

  • 06.қараша.2021, 13:22,
  • 209

Angara ресейлік компаниялар тобының Бизнесті дамыту жөніндегі техникалық директорының орынбасары Руслан Косарим смартфонға сырттай бұзып кірудің негізгі белгілерін атады.

Оның айтуынша, смартфонның кез келген аномальды немесе күдік туғызатын қалыптан тыс әрекеті киберқылмыскерлердің смартфонға бұзып енуін білдіруі мүмкін. Мысалы, батареяның тез ток тартуын айтуға болады. Егер батарея тезірек отыра бастаса, онда оған тыңшылық вирус "жұққан" болуы мүмкін, оның фондық белсенділігі батареяның жүктемесін арттырады, - дейді Косарим "Прайм" агенттігіне берген сұқбатында.


Сарапшы түсіндіріп өткендей, иесі орнатпаған әрі оны жою немесе жабу мүмкін емес жаңа қосымшаның смартфон бетінде пайда болуы да дәлел болуы ықтимал.


Сондай-ақ автоматты өшіру, антивирусты іске қосудың мүмкін болмауы, күдікті хабарландырулар және шоттан ақшаны негізсіз есептен шығару да смартфонға бұзып кірудің белгілері бола алады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.10.2021
09.06.2021
15.10.2020
17.07.2020
13.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031