USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздегі коронавирусқа қарсы вакциналар індетке төтеп бере алады ма?!

  • 11.қазан.2021, 20:31,
  • 290

Сіз, вакцина салдыртыңыз ба?! Коронавирусқа қарсы екпеге деген көзқарасыңыз қандай екен?

Сөзсіз, вакцина коронавирусқа шалдыуғдан толық сақтамаса да, жеңіл түрде өтуіне қауқары бар деп ойлаймын. Нәтижесінде, бәлкім қоғамдық имуннитет те қалыптасатын шығар. Қалай дегенмен, адамдарға екпе салдырғанда, тандау еркіндігі болуы шарт. Әсіресе, елде әлем мойындаған вакциналар болуы керек деп санаймын. Әлемде коронавирус күші тыйылар емес. Ковидтан қайтыс болғандар мен ауруға шалдықандар миллиондаған адамдар.


Ал елімізде бір тәулікте әлі де шамамен 2 мың адам вирус жұқтырып жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, уф деп босансуға болмайды. Ал екпе алу бойынша, қоғам сол қалыпты екі пікірде. Біреулері сеніп, салып жатса, басқалары әлі де не вирусқа, не екпеге сенер емес.


Нәтижесінде вакцинация ақпан айында басталған науқан қорытындысы бойынша, бүгінде екпенің екі компонентін шамамен 6,5 млн қазақстандық салдырған екен. Өкінішке қарай, қоғам күтіп отырған америкалық Pfizer вакцинасын министрлік әлі де алдыра алмай жатыр. Бірақ бірнеше рет, жақын арада алып келеміз деп уәде еткен. Оның өзі, осы вакцина түрін тек жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге ғана егеміз дейді.


Pfizer-ден бөлек, Еуроодақта және дамыған Батыс елдерінде мойындаған басқа вакцина түрлерін елімізге жетудің өзі бір арман шығар... Қалай дегенмен, Файзерді Тәжікстан мен Кения сияқты дамушы елдердің өзі алып үлгерді. Сөзсіз, бұл Американың көмегі болып тұр.


Бірақ экономикасы және басқа даму көрсеткіштері бізден кем түспейтін Өзбекстанның өзі 1 млн шамасында – AstraZeneca, 3 млн – Moderna және енді міне 1,2 млн Pfizer АҚШ-тан тегін алып отыр. Өзбек ағайынға еш қарсылығым жоқ, бір олардың билігі біздің билікке қарағанда, қалайша осындай келісімге жетіп отыр?! Жақсы, кейбіреулер бұл жай ғана бір мысал деп айтар...


Бірақ қырғыз бауырларымыздың қолында AstraZeneca болса, моңғолдарда AstraZeneca мен Pfizer бар. Қазақстан билігі болса, вакциналарды алдырту үшін 95 млрд теңге арнайы бөліпті. Сонда елімізде қандай вакцина салдыртты?


Ресейлік – «Спутник V», отандық – «QazCovid-in», қытайлық – «Hayat-Vax» және «CoronaVac». Оның өзі, жағдайды сараптасақ сатып алған қытайлық вакцинаның көлемі – шамалы. Сәйкесінше, қазақстандықтарға көбінесе тек қазақстандық және ресейлік вакцина арасында ғана таңдау еркіндігі бар.


Сонда мен шын айтсам, түсінбей отырмын. Мынау шамамен бөлінген 100 млрд теңге – қыруар ақша, көбінесе отандық және ресейлік вакцина алдыртуға кетіп жатыр ма?!



Қорытындылай келгенде, пайдасы жоқ, тек шығын алып келген ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПО, не ОБСЕ отырысын өткізуге биліктің күші жетсе, дамыған елдер өндіретін вакцина алдыртуға қауқарлары жетпейді екен. Сонда халықтың сенімі қайда болады десейші?! Әй, қойшы... Әйтеуір айдың бір күнінде, армандаған күндерімізге жетерміз... Айтпақшы, отандық вакцинаны ТМД-дан бөлек, дамыған Батыс елдері мойындаған жоқ, мойындамайды да шығар...

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.10.2021
13.09.2021
22.07.2021
09.06.2021
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930