USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Вакцинация паспортының артықшылығы бар ма?!

  • 03.қазан.2021, 20:54,
  • 238

Вакцинация паспортының артықшылығы неде деп ойлайсыздар? Отандық вакцинация паспортымен қай елдерге емін-еркін өтуге мүмкіншілік бар? Жалған және шынайы вакцинация паспортын ажырату мүмкін бе?

Елімізде вакцинация паспортын және Ashyq қосымшасын бір деңгейде қолдану арқылы, көптеген қызмет көрсету орталықтарына және сауда-саттық пен демалу мекемелеріне қазақстандықтарға өтуге мүмкіндік туғызады.


Ashyq қосымшасында кемшлікітер болғандықтан бастапқы күйден, бірнеше рет шамалы өзгертілген. Бірақ халық арасында жұмысы жайында әлі де сұрақтар туындап жүр.


Ал вакцинация паспорты айналасында кейбіреулер жалған түрін жасап жатыр деген хабарламалар көбейіп кетті. Өкінштісі, заң бұзушылыққа әдеттегідей көбінесе алаяқтар емес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері барады екен.


Нәтижесінде, еліміздің 13 аймағынан шамамен 100-ге жуық қазақстандық жауапкершілікке тартылып жатыр.


Менің ойымша, бұл ресми статистикадан, оның саны әлдеқайда көп.

 


Сорақысы, вакцина алмаған бірақ паспорты барлар, билік санап жүрген статистика қатарына қосылып отыр. Сөзсіз, олардың саны миллиондаған емес, бірақ небәрі 19 млн халқы бар Қазақстанда вакцинация науқаны басталған 8 ай ішінде тек, 5 млн аса екпенің екі компонентін алған екен. Демек салыстырмалы түрде сандарды сараптасақ, жағдай аса мәз емес.


Коронавирусқа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардің бірі – вакцинация айналасында, онсыз да біраз шешілмей жүрген мәселелер баршылық. Оларды біз, келесі шығарылымда бөлек сараптайтын боламыз.


Сонда вакцианация паспорты адамға барлық елдерге бірдей емес болса да, әйтеуір шекара асуға және елде бірқатар мекемелерге кіруге мүмкіндік береді.


Бірақ паспорты барлар арасында, жасанды вакцина алған барларды ескерсек, бұл артықшылық па?! Нәтижесінде, осындайлардан ұжымдық имуннитет қалыптасатынына кім кепіл?!


Сөзсіз, мен вакцинацияға қарсы емеспін. Бірақ бұл саясатты тинақты, әрі дұрыс жүргізе білу керек.


Сонымен Үкімет мақтап жүрген вакциналарымызбен, біздің паспорты қай елдер мойындап отыр?! Күлесіздер, бірақ ондайда жылау керек...

Сыртқы істер министрліктердің екі тарапты шешім қабылдау нәтижесінде, Қазақстан мен Грузия, Мажарстан, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Таиланд пен Түркия арасында вакцинация паспорттары мойындалған.


Демек, қазақстандық вакцинация паспортын ресми түрде небәрі әлемнің 7 мемлекетті ғана мойындап отыр.


Ал қалған елдер ше, неге мойындамай жатыр дейсіз ғой? Оның жауабы менің ойымша, сол баяғы саясат. Ресейлік вакцинаны дамыған Батыс елдері әлі мойындаған жоқ, ал елімізде Спутник V алғандар біршама. Демек, сол баяғы орыс көршілеріміздің кесірінен, таяқтың ұшы бізге тағы тиіп тұр.


Сонымен қатар, меніңше Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктері Pfizer вакцинасын алдырту бойынаш келісім-шарт жаса алмай жүрсе, отандық вакцинация паспортын мойындату әлдеқайда алыстағы арман секілді.


Қорытындылай келгенде, Үкімет егер вакцинация паспортын жасанды не шынайы деп ажырата алмаса, онда халықты алдау деп көремін. Себебі, осыны тоқтатып, болдырмау, тек солардың қолында.


Ал халық болса, тезірек қалыпты өмірге қайтқысы келеді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың қалағаны – қағаз алудан қуалап жүрмей, шынымен коронавирустан күшті қорғаныс табу.



#вакцинация #қазақстандықвакцина #екпесалу #коронавирус #вакцинацияпаспорты #індет

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
30.07.2021
29.01.2021
21.09.2019
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930