USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Джефф Безос сияқты отандық миллиардерлерге де неге ғарышқа ұшпасқа?!

  • 02.қазан.2021, 20:17,
  • 532

Әлемнің ең бай адамдарының бірі – америкалық Джефф Безос ғарышқа ұшып барды. Жақын арада, ғарышқа ұшу соншалықты қол жетпес арман секілді болмайды деп ойлаймын. Ал біздің елде алпауыт ғарыш айлағы болса да, 3 қазағым ғана ғарышқа ұшып бару мүмкіндігіне ие.

Джефф Безос Bloomberg-тің миллиардерлер тізімінде бірінші орында тұр. Агенттік оның байлығын 187 млрд доллар деп бағалаған. Forbes рейтингісінде ол француз миллиардері Бернар Арнодан кейін екінші орында тұр. Amazon негізін қалаушы кәсіпкер Джефф Безос өзі құрған Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен ғарышқа ұшып барды. Безоспен бірге оның інісі Марк, 18 жастағы жігіт пен 82 жастағы әже де ғарышқа аттанып келген.


Аталмыш әрекетпен Джефф, ғарышқа ең кәрі және ең жас адамды апарып, есімі тарихқа қалды десем қателеспеймін. Совет Одағы кезінде қанша рет талпынса да, бүгінгі күні – Ресей, иновация мен технология даму жағынан арта қалып отыр. Джефф пен Ричард технологиялық үрдістің дамуына өзіндік үлес қосып, көпшілік бай-қуатты адамдарға үлгі көрсетті деп ойлаймын. Одан бөлек, өздері қаншалықты бай болса да, ғарышты көруге қарапайым бірнеше адамға да мүмкіндік туғызды.


Ал Forbes тізіміндегі отандық миллиардерлер елдің дамуы үшін, не қаныраған халықтың жағдайын жақсарту үшін не істей алды?! Бәлкім, шамалы әрекеттері бар шығар, бірақ көзге көрінбейді, нәтижесі сезілмейді. Сөзсіз, біреудің қалтасындағы ақшасын есептеуден аулақпыз. Әркім өзі жинаған қаржысына өзі жауапты шығар.


Бірақ, отандық миллиардерлер соншалықты ақшаны қайдан және қалай тапты десеңізші?! Аталмыш тізімдегі азаматтардың көбісі, еліміздің аманатқа қалған жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды сату есебінен байыған деп ойлаймын. Ең қызығы, пайдалы қазбаларды өндеп, шикізат шығарып, содан нақты өнім шығарса, басқаша әңгіме болар еді, әрі қарапайым қазағым да оларға көзқарастары басқа болар бәлкім.


Бірақ сол қазбаларды, не кен орындарын шетелдік компанияларға сатып, дайын өнімді басқалардан 5-10 есе қымбатқа сатып аламыз. Демек, бар табиғи байлығымызды ұтымды пайдаланбағандықтан, халықтың ашуы мен ызасы көбейіп келеді. Джефф пен Ричард, біздің Ким, Ибрагимовтар, Өтемұратовтар және басқа миллиардерлерден несімен артық дейсіз ғой? Бәлкім Джефф үйді қажет ететін америкалық көп балалы, не әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға шағын аудан, не қала соқпаған шығар...


Әлемге танымал болып келетін интернет сайтын жасап, АҚШ-қа қаншама салықтардан түсетін пайда көзін алып келді?! Сонымен қатар, ол американың мұнайын, не басқа кен орындары арқасында байыған да емес. Ал біздің жағдайымыз қандай?! Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бастан асады. Кедейшілік деңгейі артып, жағдайы төмен отбасылары көбейіп келеді.


Кейбіреулер, олардың мәселесін шешу – миллиардерлердің шаруасы емес, үкіметтікі деп айтатын шығар. Ол дұрыс қой! Келісемін. Бірақ сөздің шыны тереңде, ойланып көріңіздер. Жарты ғасырдан аса, елімізде Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей тарапынан пайдаланып келеді. Ол жерден ғарышқа ең алғашқы адам – Юрий Гагарин ұшқан еді. Одан бөлек, үш батырымыз – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов бар. Ал осы естелік сәттерден, тарихқа енген оқиғалардан бөлек, еліміздің технологиялық, ғарыштық саласы дамыды деген ақпарат, не факт естідіңіздер ме?


Меніңше, осы уақыт ішінде, тек Ресей зымырандарын ұшырып, экологиямызға теріс әсерін тигізіп, Байқоңыр қаласындағы жағдайды быт-шыт жасап, гептил төгумен ғана есте қалды. Ғарыш саласындағы даму үрдісі болса тоқтаған жоқ. Осы бағыт бойынша Үндістан мен Қытай және басқа бірқатар елдер елеулі ілгері қадам жасап, дамып келеді. Демек ұтымды орналасқан Байқоңырды шартты түрде, басқа дамыған елдер де пайдалана алады. Біздің билік, Отанымызға тиімді шарт жасап, серіктестікті кеңейтуге болар еді...Бірақ қайдағы жоқ Ресейге ондаған жылдарға жалға беріп қойды... Гагарин ғарышқа ұшуы 1,5 жылда іске асты.


Ал «Бәйтерек», Казсат деп жүргенімізге қанша, 20 жыл толған шығар...Нәтижесінде, Ресей үшін біз ғарыш саласында дамуымыз оларға кедергі келтіріп, ұтымсыз болып саналады. Қорытындылай келгенде, отандық миллиардерлер елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шетке қойып, Джефф мен Ричард сияқты, елдің дамуы үшін басқа көмегін көрсете алар еді. Ой, осы ғарышты қойыңыздаршы...


Олар қарапайым жұмыс орындарын көбірек жасап, заманауи өндіріс орындарын ашып жатса, қанша қазақ жұмыспен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, технологиялық үрдіс орнынан қозғалып, шамалы болса да, оң нәтиже болар еді. Бірақ айтылғаннын бәрі, қиялдағы түс не ертегі секілді... Одан артық, қазағым арасында Бил Гейтс, Илон Маск, Цукерберг не басқа осыған ұқсас азамат пайда болады деп үміттенейік. Солар туғанда, жетістікке жеткенде ғана, қазақтың бөркі аспанға ұшатын шығар.




скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.09.2021
04.09.2019
26.05.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930