USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордадағы LRT ісіне қатысты үкім қашан шығады?

  • 23.сәуір.2021, 17:06,
  • 255

Сот Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша үкімді қашан жариялайтыны белгілі болды. 

"Судья Қазақстан астанасындағы LRT ісі бойынша үкімді 28 сәуірде түстен кейін жариялайды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Елордада LRT салу кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған. Бұған дейін жеті адамға айып тағылғаны хабарланған еді. Олардың арасында елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, Astana Innovations АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ түрлі кәсіпорынның қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов бар.



#LRT #жемқорлық #сот #шешім #жаза 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031