"2019 жылдың 11 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған сотының шешімі шығарылды. Сот шешімі бойынша Даринов Әуезхан ҚР ҚК 124 бабы 1 және 4 бөлімі, 122 бабы 1 бөлімі, 120 бабы 4 бөлімі және 121 бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылып, кәмелеттік жасқа толмаған жандарға қатысты қызмет істеу құқығынан өмір бойына шектеліп, аса жоғары бақылаудағы түрмеде жазасын өтейді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық соты.