USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Экс-шенеунік аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

  • 26.желтоқсан.2020, 18:31,
  • 304

Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. 


Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ бұрынғы басшысы Нұрлан Иманалин мен "Ақ Саток" ЖШС директоры Қойбағаровқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Иманалин жеке компания директоры Қойбағаровпен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен алаяқтық жолмен Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысына арналған жалпы сомасы 60 703 175 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, ол лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланды және төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады, оларды қорқытты деген күдікке ілінгені хабарланды.

"2020 жылдың 25 желтоқсанында Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен Иманалин 7 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы, 379-бабы және 380-бабы 1-бөлігі).

Осы үкіммен Қойбағаров та (190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы) коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.




#пара #шенеунік #бюджет #сот #жаза #үкім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.07.2020
12.03.2020
12.12.2019
01.11.2019
17.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031