USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Ғылым қоры" экс-төрағасына пара алғаны үшін айыппұл салынды

  • 19.желтоқсан.2019, 12:30,
  • 538

ҚР БҒМ "Ғылым қоры" акционерлік қауымдастықтың бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин сыбайлас жемқорлық үшін айыппұл салынды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді", - делінген хабарламада. 


Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т. Едрисов үшін ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. 


"Биыл 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әнуарбек Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.



скачать dle 12.0
Фото авторы : liter.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930