USD 489.39
EUR 567.5
RUB 6.69
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда аялдамадан нәресте табылды

  • 21.сәуір.2021, 13:40,
  • 279

Алматыда аялдамадан нәресте табылды. Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткенін айтты. 

Алматыда табылған бала туралы ақпарат Instagram желісіндегі rozysk_kz парақшасында жарияланған. Жазбада бала шамамен екі жаста екені көрсетілген.

Алматы полиция департаментіндегілер 20 сәуірге қараған түні "Северное кольцо" көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.


"Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуірде түстен кейін ол полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Оны № 2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Қазір ол сол жерде. "Ана" дегеннен басқа ештеңе айтпайды және өз атын айта алмады", - деді Алматы ПД өкілдері.

Баласын тастап кеткен ананың жеке басы алдын ала анықталған. Полиция әйелдің тұрған жерін анықтап жатыр.


"Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полицияның назарына іліккен. Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды, бірақ қорытынды жасамаған тәрізді. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес қазір қайда екені анықталғаннан кейін шаралар қабылданады", - деді Алматы ПД өкілдері.


#бала #нәресте #Алматы #аялдама #полиция #іздеу #қылмыс #көкекана

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930