USD 489.33
EUR 566.3
RUB 6.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодарда әйел баласын автовокзал маңына тастап кеткен

  • 27.қараша.2020, 15:56,
  • 421

Павлодарда бір жасар баласын автовокзал маңынан тастап кеткен әйел ұсталды.

Әйел полициядағыларға баланы өзі автовокзал маңындағы трамвай аялдамасында қалдырып кеткенін айтты.

"Кішкентай балаға қауіп төндірген 33 жастағы әйел ұсталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Әйелді іздестіру жұмыстары екі сағатқа созылған.

Полиция мәліметінше, ұсталған әйел тұрмыс құрмаған. Бір жасар баласынан басқа тағы бір баласы бар екен. Ол Екібастұзда әжесімен тұрады.

Ал соңғы жылдары әйел Таразда тұрған.

Еске салайық, мұның алдында Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылғаны хабарланған еді. Павлодарлық еріктілердің айтуынша, бала 26 қарашада кешке табылған.



#бала #көкекана #павлодар #автовокзал #қылмыстықіс 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930