USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда азамат үш жасар баланы өлімші етіп ұрған

  • 08.июля.2020, 17:13,
  • 518

Алматылық 32 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын соққыға жықты деген күдікке ілінді. 

Әлеуметтік желілерде кішкентай баланың бүкіл денесінде көгергені түсірілген суреттер тарап жатыр.


Қазіргі уақытта баланың ауруханада екені белгілі болды. Оның қабырғасы сынып, гематомалар алғаны айтылады.

Алматы полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Үш жасқа толмаған баланың, сондай-ақ оның анасының аты-жөні бірден анықталды. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Сонымен қатар, дене жарақаттарының деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді қалалық полиция өкілдері.

Полицияның баспсөз қызметінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 1988 жылғы ер адам - баланың анасымен бұрын бірге тұрған ер адам ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны айтылады.


#бала #қылмыс #алматы #сараптама 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930