USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО тұрғындарына түнгі уақытта тұрғындар жүруге тыйым салынды

  • 07.сәуір.2021, 10:10,
  • 260

БҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қолданыстағы қаулысына 9 сәуірден бастап күшіне енетін өзгерістер енгізілді. Құжатта тұрғындардың қозғалысын 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу туралы тармақ пайда болды. 

Қаулыда бұл тыйымның кімге қолданылмайтыны көрсетілген.

"Бұған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдар, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлер жатпайды".

Шұғыл түрде медициналық мекемеге, дәріханаға жеке автокөлікпен баруы қажет тұрғындар, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар "109" телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе сайтта тіркелуі қажет.

Сонымен қатар, қаулыдағы карантин шарасына кейбір жеңілдіктер енгізілген. Сауда үйлері мен орталықтарына сенбіде жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 17.00-ге дейін, нысан сыйымдылығының 30 пайызынан аспайтын келушілерді қабылдай алады.

Айта кетейік, БҚО коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта шамамен 20 күн бойы тұр. 



#карантин #коронавирус #шектеу #қаулы #БҚО 



скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031