Жаңа құжат бойынша, барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға 21.00-ден 06.00-ге дейін үйден шықпауға кеңес беріледі, келесі жағдайларды қоспағанда: азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемелерге бару.
Сонымен қатар, санитарлық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:
- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;
- вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;
- COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар;
- тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көлік пен адамдар, ұйымдар;
- STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көлік пен адамдар;
- осы елдімекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғындары.
Бұдан бөлек, жаңа қаулы бойынша, азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20.30-ға дейін шектеледі. Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.
#карантин #ақмола #пандемия #коронавирус #медицина