Тексеру барысында көлік полицейлері жоғарыда аталған пойыздың 37 жастағы жолаушысын анықтады. Ол Түркістан станциясында вагонға отырғызу кезінде сыртта қалған заттарын алып үлгермегендіктен, жүріп бара жатқан поездың тоқтату кранын жұлып алған, деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Оның айтуынша, пойыздың жоспарланбаған тұрағы 5 минутты құрады.
Аталған факті бойынша жолаушы азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі, яғни жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу жәнетүсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заңсыз тоқтату бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Дәл сол күні Павлодар станциясында да дәл осындай жағдай тіркелді. Онда "Семей – Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар поезын жөнелту кезінде осы поездың жолсерігі тоқтату кранын жұлып алған. Жолсеріктің айтуынша, поезда вагоннан түсіп үлгермеген шығарып салушы болған. "Жолсерікке қатысты 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды",- деді Қ. Қобландин.
"Осы жылдың басынан бері шұғыл тежеудің 349 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болу себебі бойынша - 91, теміржол төсемінде малдың жайылуына байланысты - 251. Сондай-ақ, тоқтату кранының жұлып алудың 7 фактісі орын алды", - деді ол.
Тоқтату кранын тек ерекше жағдайларда ғана қолдануға болады, яғни вагонда жолаушылардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулық пайда болған кезде, пойыз көпірде немесе көпірдің астында және жолаушыларды эвакуациялауға жол бермейтін басқа да жерлерде тұрып қалған жағдайды есептемегенде, өрт шыққан жағдайда ғана пайдалануға болады, деп сөзін толықтырды полиция полковнигі.
#стопкран #пойыз #қтж #оқиға