USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сыр елінде балаларын қараусыз қалдырған ана құқығынан айырылуы мүмкін

  • 07.ақпан.2021, 11:16,
  • 230

Қызылордада екі баласын қараусыз қалдырған қызылордалық әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. 

2021 жылы 3 ақпанда Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарының біріне 1979 жылы туған азаматша масаң күйде келіп, мекемедегілердің мазасын алған. Бұл дерек бойынша әйел адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.


"Мектеп әкімшілігі мен тәртіп сақшылары азаматшаның тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында жоғарыда көрсетілген азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласының қараусыз, әрі қадағалаусыз қалғанын анықтады. Осыған орай, әйелдің кәмелетке толмаған алты жастағы қызы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, бір жарым жастағы қызы көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды. Тексеру барысында 42 жастағы азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш рет хаттама толтырылғандығы анықталды", - делінген хабарламада. 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930