USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Банк қызметкері клиенттің несиеге алған ақшасынан пайда көріп келген

  • 06.июля.2020, 13:03,
  • 384

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне бір миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады. Алайда арадан 1 жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан 1,5 миллион несие шығарып, 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан соң полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.​​​


Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Нәтижесінде полицейлер күдікті жылдың басында осындай алаяқтық жасап ұсталып, жәбірленушілердің кешірім беруімен ісі қысқартылған адам екенін анықтады. Ол Түлкібас АПБ-не жеткізілді. Кінәсін толық мойындап отыр. Бас шарасы қолхатпен босатылды.


​​​​Тергеу барысында күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтықтың жайттарына қатыстылығын анықтап, тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген құжатқа қол қоймас алдын. 


#банк #несие #алаяқтық #қылмыстықіс #түркістан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.05.2020
26.11.2019
21.11.2019
01.11.2019
15.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930