Оқушылардың осы жолғы демалысы 12 күнге созылады, яғни 20 мен 31 наурыз аралығында.
Құзырлы ведомствадағылар ІІІ- тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында қосымша демалыс күндері енгізілгенін атап өтті.
IV тоқсан 1 сәуірде басталады.
Оқу жылының III-тоқсанынан бастап мектеп бітіру сыныптары (9, 11-сыныптар) барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшірілді (пәндердің 70% -ы дәстүрлі форматта, пәндердің 30% -ы онлайн режимінде). 10-сыныптар қашықтықтан оқиды.