Сотталған әйелдер әр кезеңге мұқият дайындалды. Олар киім-кешектерді өздері ойластырып, тігіп, шығармашылық жұмыс істеді.
Байқау 5 кезеңнен тұрды, оның ең жарқын кезеңі сән көрсетілімі және өзі туралы әңгіме болды. Қатысушылар биіктен көрінді. Қатысушылар үшін демеушілер ақшалай сыйлық және DVD түріндегі бірегей сыйлықтар дайындады, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.
"Мен өмірде оптимистпін, ал қазір сахнада ұлы әртіспін. Отбасында мен кіші қызмын, бес жасымнан бастап билеймін. Әрқашан күлімсіреп жүремін. Мен түрік тілінде жақсы аударамын, корей тілінде оқимын, мен Еуропалық болсам да, ағылшын тілімен де доспын. Мен өз елімнің патриотымын, өз елімді жақсы көремін. Мен үшін өмірде құндылық бар. Ол менің отбасым, маған жақын адамдар. Өмірде менде қазір өзгерістер бар. Мен періште емеспін, қателіктер де бар. Мен өзіме сенімдімін, бүгін жеңіс менікі болады және болашақта мен босатыламын, сол кез менің басты жеңісім болады", - деді Бас жүлдені алған қатысушы.
Сондай-ақ, Skype арқылы әйелдер үшін басқа колонияда жазасын өтеп жатқан ерлер құттықтау ұйымдастырды. Олар әйелдерге колонияның жылыжайында өздері өсірген гүлдерін беріп жіберді.
Біз шамамен үш жыл бойы хат алмасамыз. Үш жыл бұрын хат алмасу арқылы тансытық. Екеуімізге бір жылдан астам уақыт қалды. Кездесіп, жаңа өмір бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір ол мені қатты қуантты, мен шынымен тірі гүл алдым, сене алар емеспін. Мен оларды соңғы рет қашан алғаным есімде жоқ. Бұл Мен үшін үлкен тосынсый болды, - деді сотталған Анна (аты өзгертілген).
"Бұл әйелдердің мерекесі. Олар темір тордың арғы жағында отырса да қуанышқа лайық. Сол үшін біз оларды қуантайық деген үмітпен жылыжайда 3 ай бойы гүл өсірдік және осы мерекеге арнайы дайындадық", - деді Шемонаиха ауданының колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған Андрей.