"Барша Қазақстан әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сондықтан, айтулы мерекеде абзал аналар мен аяулы аруларға зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш, шаттық тілеймін!" - деп жазды Н. Нығматулин.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қазақстандық әйелдердің жоғары кәсіби қасиеттерімен қатар, әрдайым нәзіктіктерімен ерекшеленетінін атап өтті.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әйелдер қауымы шаңырағының ұйытқысы болып, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеп, еліміздің дамуына, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті заңдардың қабылдануына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері ел басшылығының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға, ана мен баланы қолдауға аса маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше көңіл бөлетініне назар аударды.
"Барлық әйелдерге көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, амандық және барлық бастамаларына табыс тілеймін!" - деді Нұрлан Нығматулин.