"Алдын алу шараларын өткізу мақсатында қоғамдық көлік 27 және 28 маусым күндері жүрмейді. Автобустарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 29 маусымда қоғамдық көлік бұрынғы режимге оралады", - делінген хабарламада.
27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталығы, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді.
"Өткен "карантиндік демалыс" сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз "үйдегі демалыс" күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева.