USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жамбыл облысында пәтер отқа оранып, бір үйдің 5 баласы қайтыс болды

  • 19.ақпан.2021, 19:15,
  • 379

Пәтерде ата-ана қарауынсыз кәмелеттік жасқа толмаған бес бала қалған. Олар ауруханаға жеткізілді, алайда аман алып қалу мүмкін болмады. 

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерде өрт шықты. Үйде бір жастан алты жасқа дейінгі 2 ұл мен 3 қыз болған, бәрі көз жұмды.

Оқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда болған. 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанды.

"Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Бірақ біраз уақыттан кейін жан тапсырды", - деп жазылған төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Психологтар көмек көрсетіп, жерлеу рәсімі ұйымдастырылады.

Пятеро детей из одной семьи скончались в результате пожара



#өрт #жалын #өлім #жамбыл #қайғы #отбасы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031