USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында цехта жарылыс болды

  • 29.қазан.2020, 16:20,
  • 459

2020 жылғы 29 қазанда сағат 11.31-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнында өрт болған жоқ.


ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған бір жұмысшы қайтыс болды (үйіндінің астында қалды, ТЖД күштері шығарып алды). Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.


Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок.

Алдын ала болжам бойынша апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан орын алған.



#жарылыс #цех #алматы #оқиға #өрт 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031