USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

18 жастағы қазақстандықтың танымалдығы артып, біраз үлкен ұсыныстар түсіп жатыр

  • 17.ақпан.2021, 17:39,
  • 563

Colorit лақап атымен өнер көрсететін 18 жастағы Арыстан Әбілдин TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде танымалдыққа ие болды. Ол қазақстандық, ресейлік және шетелдік әртістердің әніне кавер жазады. Оның роликтері миллион қаралымға жетіп, жанкүйерлер саны күн санап артып келеді

Арыстан Қарағандыда дүниеге келіп, өнерпаздар отбасында өскен. Сондықтан да шығармашылықпен бала күнінен айналысады. Әкесі музыка мектебінің директоры, анасы хор жетекшісі. Ата-анасына еліктеп, ол да музыка мектебіне оқуға түскен.

Ол бірнеше жыл бойы Симба лақап атымен өнер көрсеткен. Кейін 2020 жылы жазда Арыстан музыкалық бағытын түбегейлі өзгертіп, Colorit есімімен тыңдарманға қайта оралды. Енді ол жазған шетелдік әуендер нұсқасына Егор Крид, Клава Кока және басқа да танымал әртістер видео түсіріп жүр. 



Сонымен қатар, ол жақында Jah Khalib ұйымдастырған каверлер байқауында жеңімпаз атанды. Содан кейін танымал ресейлік Black Star және Sony Music-тен ұсыныстар түскен. Қазір музыкант Zivert, Feduk, Иван Дорнды насихаттаумен айналысатын P.M.I. Music музыкалық ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында Арыстанның жеке альбомы шығады.




#әнші #BlackStar #SonyMusic #Colorit #JahKhalib

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.10.2020
16.09.2020
06.09.2020
03.07.2020
22.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031