USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында үш елді мекенді су басты

  • 09.ақпан.2021, 15:50,
  • 267

Қатты жауын-шашын салдарынан Алматы облысының үш елді мекенін су басты, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Алматы облысының 3 елді мекенінде, Ескелді ауданының Ешкіөлмес және Алдабергенов ауылдарында, сондай-ақ Көксу ауданының Талапты ауылында ауа температурасының көтерілуіне, жауын-шашын, қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басты. 

8 ақпанда түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елді мекенде су толып, жеке тұрғын үйлердің 40 аула аумағы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Алматы облысы ТЖД күші мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында оқиға болған жерден 10 адамды эвакуациялады. олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорылды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Су басқан жерлерде Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдарынан барлығы 67 қызметкер, 15 дана техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылды.

ҚР ТЖМ азаматтардан су тасқыны қаупі бар кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, аула аумақтарына іргелес арық желілерін қар мен қоқыстан уақытылы тазартуды сұрайды.
Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 101 немесе 112.




#су #тасқын #алматы #жауын-шашын #жаңбыр 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.11.2020
29.10.2020
30.09.2020
15.05.2020
14.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031