USD 470.17
EUR 547.47
RUB 6.42
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шұғыл! Алматы облысында жер сілкінді

  • 27.қараша.2020, 18:05,
  • 425

Алматы облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 27 қарашада сағат 14.18-де елеулі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 109 шақырым жердегі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. Магнитудасы - 3.5 MPV. Дүмпулер қанша балл болып сезілгені туралы (МЅК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.

"Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алған бетте жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарлады, аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.



#жерсілкініс #дүмпу #табиғи #оқиға #алматы #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031