USD 519.51
EUR 611.83
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында ауылдарды су басты

  • 14.мамыр.2020, 09:00,
  • 442

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінің салдарынан ондаған үйді су басты. Бұл туралы ІІМ ТЖК хабарлады.

Төле би ауданы Екпінді ауылында Қасқасу өзенінің су деңгейі көтеріліп, төрт үй мен 15 ауланы су басқан. Жоғарғы ауылында төрт автомобиль көпірін су қиратып кеткен. 


Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданы Елтай ықшамауданында Төле би ауданынан келетін арықтардан су тасып, 60 ауланы су басып қалған. Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тұрғындарды Тоғыс ауылындағы №120 және №119 орта мектептеріне эвакуациялаған. 




Су сору және арықтарды механикалық тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жедел штаб құрылған.


Елтай тұрғын үй массивінде 150 тұрғын эвакуацияланған, шамамен 150 тұрғын туыстарының үйін паналаған.

Шымкент маңындағы Сұлтан Рабат ауылында да су деңгейі көтерілген, жолдарды су басқан. Бұл туралы куәгерлер хабарлап жатыр. Осындай жағдай Леңгірде де болып жатқаны айтылады. Ал Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде үйлерді су басқан.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ІІМ ТЖК
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031