USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Көлікке мотор сататын алаяқтар шықты

  • 23.қантар.2021, 15:06,
  • 224

Ақтөбе облысында "olx" қосымшасындағы белгісіз біреу "ГАЗ-53" және "ЗИЛ-130" автокөліктеріне қозғалтқышты сату сылтауымен 54 жастағы адамға тиесілі 450 мың теңгені иемденді. Жәбірленуші ақшаны сатушы айтқан шотқа аударған. 

Ал 14 қаңтарда белгісіз біреу жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкері деп таныстырды, белгісіз адамдар оның шотынан ақша алуға әрекет жасағанын айтты. Жинақтарды сақтау үшін ақшаны уақытша шотқа аударуды ұсынды. Қаскүнем ақша аудару арқылы банк картасының деректемелерін иемденіп, 800 000 теңге сомасында ақшаны жымқырған.

Осы фактілер негізінде ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осындай алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін Ақтөбе облысының ПД ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.

Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына шот деректерін беруді сұрамайды. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті ақпарат банктерде бар.



#көлік #мотор #алаяқ #қылмыс #полиция 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930