Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Талғар аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігі бойынша 31 жастағы аудан тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген айыппен көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім сотталушының бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанымен байланысты болды.
2020 жылдың 26 наурызында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Бұрын жалған сөйлегені әшкере болған әйел тиісті қорытынды жасамаған және ішінде танысы бар үш ер адам зорлағанын айтып, шағым түсірген.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші жәбірленушінің жауаптарында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады. Содан кейін өтірігі әшкере болған өтініш беруші зорлық-зомбылық дерегі болмағанын мойындады. Танысына деген өшпенділікпен кек алу мақсатында жалған айыптағаны белгілі болды", - деп толықтырды Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.
#зорлық #зомбылық #қылмыс #талғар #полиция