USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да карантин ұзартылды

  • 10.қараша.2020, 17:39,
  • 735

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа қаулы жариялады.

Облыстың бас санитар дәрігері міндетін атқарушы Гуляим Тағаева шектеулерді ұзарту туралы қаулы шығарды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Қалалар мен аудандар әкімдері:

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтау;

2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы - 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асыру;

3) Халыққа жеке меншік үйлер мен құрылыстарда сонымен қатар жалға алынған үйлер мен құрылыстарда корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуіне бақылауды қамтамасыз ету;

4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыру;

5) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:

- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізу және ылғалды жинау;

- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеу;

- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;

6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайту;

7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру.

Өскемен, Курчатов қалаларының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 15 санитариялық бекеттің жұмысы жалғастырылсын: Алматы (3 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы Ауыл, Уба, (Шемонаиха ауданы - 1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік) автоөтпелері және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет.

Санитариялық бекеттердің жұмыс істеу режимі мен мерзімдері COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін;

2) осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Бұл ретте, облыс орталығына келуін қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілсін;

3) осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдар санатына санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен жағдайда) рұқсат берілсін.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

5) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған кезде (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

7) күдікті адамға жедел медициналық жәрдем машинасы келгенге дейін медициналық маска беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.



#шқо #коронавирус #пандемия #карантин #ереже 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930