USD 519.51
EUR 611.83
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қостанай облысында карантин ұзартылды

  • 29.қараша.2020, 12:34,
  • 432

Қостанай облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды.

29 қараша, жексенбіде Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло аймақтағы қатаң карантин шараларын тағы бір аптаға - 7 желтоқсанға дейін ұзартатын жаңа қаулыға қол қойды. 

"Осы қаулы 2020 жылы 9 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 7 желтоқсаны сағат 00:00-ге дейін қолданылады", - делінген құжатта.

Қаулының толық мәтіні Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды

Бұған дейін Қостанай облысының бас санитар дәрігері өңірдегі шектеулерді 30 қарашаға дейін ұзартқан болатын.

Құжатқа сәйкес, аймақта таксилерге 22.00-ден 06.00-ге дейін жүруге болмайды. Жүргізушілер мен жолаушылар міндетті түрде бетперде тағуы керек.

Сондай-ақ фудкорт, банкет залдары, аквапарк, термопарк қызметіне тыйым салынған.

Діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар), мәдениет нысандарының, кітапханалардың, музейлердің, театрлардың қызметі тоқтатылды.

Қалааралық жолаушылар қоғамдық көлігінің (автобустар, шағын автобустар, такси) жүруіне тыйым салынады.

Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне тек 08.00-ден 21.00-ге дейін, ал дәріханалардың жұмысына шектеусіз рұқсат етіледі.



#карантин #ереже #қаулы #коронавирус #пандемия #қостанай #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031