USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда карантин шаралары жеңілдетілді

  • 14.қыркүйек.2020, 17:05,
  • 418

Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шараларын жеңілдетті.

Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап:

– мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

– ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4-сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.

Алматы қаласының  Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта «Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан, барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», – делінген.



#карантин #алматы #коронавирус #пневмония #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.09.2020
27.08.2020
17.08.2020
30.07.2020
28.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930