Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойды. Құжаттағы мәтінге сәйкес, Оралда:
- 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығу шектеледі;
- Жексенбі күндері ауыл шаруашылығы азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады;
- Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Орал әкімі мен қала полиция басқармасына бірқатар базарды жабу тапсырылды. Еске салайық, бұған дейін 16 қазанда БҚО-да шектеу шаралары күшейтілген болатын. Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
#орал #карантин #пандемия #шектеу #базар #автобус