Штаб мәліметінше, Қостанай облысы 17 сәуір сағат 00:00-ден 1 мамыр сағат 07:00-ге дейін карантинге жабылады. Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарды карантин ережелерін сақтауға шақырды. Ол мұның халықтың коронавирус жұқтыруын алдын алу үшін жасалғанын айтты.
Облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның қаулысында карантин кезінде тұрғындардың басқа елді мекендерге бара алмайтыны, сондай-ақ, таксимен қатынауға тыйым салынатыны айтылады. 500 метр қашықта орналасқан дүкендерге ғана баруға болатыны айтылған.