USD 521.67
EUR 592.46
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО-да жолдағы елес қыз туралы мәліметті полиция тексереді

  • 14.қараша.2020, 15:11,
  • 782

БҚО  әкімі жолдағы елес қыз туралы мәліметті полицияға тексеруді тапсыратынын айтты.

Брифингте аймақ басшысына осы аптада Батыс Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарын аудартқан мәлімет айтылды. Бұл өңірдегі ауылдардың бірінде жол бойында қыздың елесі кезіп жүреді-мыс, ол көлік жүргізушілеріне кедергі келтіретінін көрінеді деген.


- Ондай ешқандай проблема болмауы керек, өйткені біздің құқық қорғау органдары күн сайын таңертең тұрғындарымызды не мазалайтыны немесе қандай проблемалар туындағаны туралы маған есеп беріп отырады. Бірақ онда мұндай мәліметті кездестірмедім. Демек, бұл сенімсіз ақпарат немесе біреудің қалжыңы, - деп жауап берді бұған облыс басшысы.


Дегенмен әкім бұл мәліметті полицияға тексеруді тапсыратынын айтты.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында жолда ақ киімдегі қыздың елесі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Адамдар елесті көргендерін айтып, тіпті дауыстық хабарламалармен бөлісіп, кейбір желі топтарында Ханкөл ауылының маңында түсірілген видеолар да пайда болды. Елестен қорыққан ауыл тұрғындары малды құрбандыққа шалу туралы шешім қабылдапты. Елдің сөзіне қарағанда, елес тек жол кезіп қана қоймай, тоқтаған көліктерге де отыратын көрінеді. Қасында бір кемпірдің бары да айтылады.



#бқо #елесқыз #жын #полиция #тергеу #тексеріс #әкім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2020
24.07.2020
24.07.2020
26.09.2019
24.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930