USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ІІМ 21 қыркүйекте болған митинг жайлы

  • 24.қыркүйек.2019, 12:30,
  • 493

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте заңсыз митингілерге қатысқаны үшін ұсталған азаматтарға қатысты мəлімдеме жасады.

"Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушылыққа ілесіп, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады", - деді ІІМ басшысы Үкімет отырысынан кейін.


Министрліктің мәліметінше, жүкті әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстау фактілері болмаған. 

Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қыздың ұсталғаны жазба тарады. Айтулы жайт желі қолданушылардың наразылығын тудырды: "Анасынан айырғаны қалай?!", "Қимай жатқан бауырларын аяймын" деген пікірлер тарады.


Таспадағы бойжеткеннің жасы 19-да екені анықталды, қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет қатысқан екен.


"Заңсыз акция кезінде полиция қызметкерлерінің санкцияланбаған митингіге қатысуды тоқтату туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін агрессияға итермелеген. Осыған байланысты ол басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Алайда, профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды. ІІМ БАҚ өкілдеріне мұндай жағдайларда полиция қызметкерлеріне өзінің қызметтік куәлігін көрсетуін, сондай-ақ баспасөздің тану белгілерін кию қажеттігін ескертеді", - дейді ІІМ өкілдері.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.09.2019
10.09.2019
04.09.2019
08.08.2019
04.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031