USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өскемен мен Семей карантинге жабылады

  • 31.наурыз.2020, 16:30,
  • 452

Мемлекеттік комиссиямен келісім бойынша Өскемен және Семей қалаларында 2 сәуірінде 00:00-ден бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлады.


"Қаладан шығу және кіру шектеулі, 15 өткізу пункті орнатылды. Сонымен бірге маңызды тауарлардың импорты үшін "жасыл дәліз" құрылды. Қалаларда күндізгі уақытта көлік қозғалысы шектеулі, түнде тоқтайды. Апта ішінде қоғамдық көліктер азайды. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін жеке кесте бойынша жеткізеді", - деді Ахметов.

  • 2 сәуір 00:00-ден бастап қос қаланың аумағына кіріп-шығу шектеледі;
  •  Азық-түлік бөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды;
  • Мейрамханалар, дәмханалар онлайн тапсырыс алу, жеткізу режиміне көшеді;
  • 6 сәуірден бастап жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері тіркеу нөмірі жұп санға, ал тақ күндері көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді;
  • 6 сәуірден бастап облыс тұрғындары тек рұқсат қағазымен ғана көшеде жүре алады. Жасыл түсті рұқсат қағазымен жұп күндері, ақ түсті рұқсат қағазымен тақ күндері жүреді.
скачать dle 12.0
Фото авторы : nur.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930