USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері басқа университеттерге түсе алады

  • 28.қазан.2020, 13:00,
  • 932

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері басқа университеттерге қалай ауысады. 

«Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылған, сондай-ақ жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпестен бірден басқа ЖОО-ға ауыса алады. Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған», - делінген ведомство мәліметінде. Қазір министрлікте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған ЖОО білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады.



#студент #жоо #университет #лицензия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.10.2020
28.08.2020
28.08.2020
25.11.2019
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30