USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бірнеше ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

  • 28.августа.2020, 17:53,
  • 671

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты. Бұл шешімге бірқатар жоғары оқу орнын қайта тексеру барысында Білім туралы заңнама нормаларының бұзылуын анықтау негіз болды. 

Ведомство мәліметінше, "Алматы" университеті, "Қайнар" Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және "Silkway" халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.

"Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті "Алматы" Университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты.

"Қайнар" Академиясы мен "Silkway"Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде "құқық" даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылғаны айтылады.



#жоо #университет #лицензия #бғм

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.08.2020
10.12.2019
22.08.2019
01.08.2019
08.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30