USD 530.47
EUR 613.75
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бірнеше университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

  • 28.августа.2020, 13:24,
  • 783

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының білім беру лицензиясының күшін тоқтатты.


«Алматы» университеті, «Қайнар» академиясы, Алматы экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетін қайта тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы қайта анықталды.


Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Алматы» университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты.


«Қайнар» Академиясы мен «Silkway» халықаралық университетінің ісі тексеру қорытындысына шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процесі аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды.


#университет #білім #лицензия #бакалавр #магистратура


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.01.2020
10.12.2019
22.08.2019
01.08.2019
08.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930