USD 521.67
EUR 592.46
RUB 6.32
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Блокбекеттегі жол апаты: Азаматов 10 жылға сотталуы мүмкін

  • 19.қазан.2020, 18:34,
  • 393

Биыл көктемде Алматыда карантин кезінде блокбекетте болған жол апатына қатысты тараптардың пікірталасы өтті. Айыпталушы - 26 жастағы Азат Азаматов.

Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Арыстан Әлікенов күдіктінің кінәсі дәлелденгенін жеткізді. Ол соттан Азаматовты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ прокурор айыпталушыны көлік жүргізу құқығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Сот отырысының алғашқы күнінде Азат Азаматов кінәсін толық мойындаған болатын. Ол жол апаты болардан бұрын сыра ішкенін, сондықтан оқиға болған кез мүлде есінде жоғын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол ауруханаға келгенде бірақ есін жиған.  


#сот #блокбекет #өлім #полицей #қаза #жаза #үкім #жарыссөз

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.10.2020
03.08.2020
17.02.2020
23.01.2020
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930