USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Щучинскіде жол апатынан екі полицей қаза тапты

  • 15.қазан.2020, 14:12,
  • 533

Щучинскіде жол апатынан қаза тапқан полицейлер туралы не белгілі?

Полиция капитаны Қанат Отарбаев ішкі істер органдарында 16 жыл қызмет еткен. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 22 рет марапатталған. Оның артында жары мен үш баласы қалды, кенжесі - үш жаста.

Полиция капитаны Қанат Хамидуллин ішкі істер органдарында 12 жыл жұмыс істеп, осы уақыт ішінде 23 марапатқа ие болған. Оның артында жүкті әйелі мен жеті жастағы ұлы қалды.

"Олардың кәсіби шеберлігі, әдептілігі, жұмысқа деген адалдығы басшылық тарапынан да, тұрғындар тарапынан да бірнеше рет бағаланды. Оларды әріптестері құрметтеді. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен достарымен бірге қайғырады", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Жол апаты 15 қазанда қаладағы Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, Lexus NX20 көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.



#жолапаты #оқиға #өлім #полицейлер #қаза #щучье #нұр-сұлтан #елорда 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.09.2020
29.01.2020
14.12.2019
01.10.2019
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031