USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

3 спортшының өмірін қиған жол-көлік оқиғасының мән-жайы белгілі болды

  • 03.августа.2020, 12:47,
  • 685

Кеше, 3 тамыз күні үш қазақстандық спортшы жантүршігерлік апаттан көз жұмды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын хабарлады.

Құқық қорғау органдарының ақпарынша, апат таңертең "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында болған. Жол апатына түскен шетелдік көлікті 21 жастағы алматылық азамат басқарған. Спортшылар мінген көліктің Алматыдан Таразға бара жатқандығы хабарланды. Бір сәтте жүргізуші темір тұлпарды басқара алмай, нәтижесінде көлік оң жаққа төңкерілді. Оқиға орнында екі жолаушы қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі Ілияс Жұмай бүгін, 4 тамыз күні медициналық мекемеде қайтыс болды. Полиция тергеуді бастады. Апаттың нақты себептерін СМЭ белгілейді және автомобильдің техникалық жағдайына сараптама жасайды.


Lada.kz хабарлауынша, оқиға орнында қаза тапқан спортшылардың бірі еркін күрестен Қазақстан чемпионы Жақсыбек Қарабалаев болып шыққан. Онымен бірге оқиға орнында Жанбота Байбазар көз жұмды. ҚазАқпараттың жантүршігерлік жаңалығына Жұмай мен Қарабалаев кіретін ұлттық құраманың жаттықтырушысы Аслан Байғұлов түсініктеме берді. Оның айтуынша, жігіттер үйіне қайтып бара жатқан. Сондай-ақ, Байғұловтың сөзінше, ЖКО-дан зардап шеккен екі спортшы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 


#апат #спортшылар #өлім #полиция #жамбыл 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.12.2019
18.10.2019
03.10.2019
13.08.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930